Размер шрифта:
↑

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Баланың жеке қауіпсіздігі және оны зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында ата-аналарға педагогикалық қолдау сабағы

Дата: 2026-11-04 09:18:09
«Адал азамат»  біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»  орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың   «Баланың жеке  қауіпсіздігі  және  оны  зорлық зомбылықтан қорғау» тақырыбында 1-4  сыныбында ата-аналарға сабақ  өтті. 
  Сабақтың негізгі мақсаты – ата-аналардың бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау және олардың қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау. 
 Кездесу барысында жеке қауіпсіздіктің маңыздылығы, баланың құқықтарын қорғау, отбасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру және балаларға қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды. Ата-аналарға баланың көңіл күйіне назар аудару, оны ашық сөйлесуге ынталандыру және кез келген жағдайда қолдау көрсету қажеттігі түсіндірілді.
  Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік! Баланы қорғау, оған қамқорлық таныту және сенімді қарым-қатынас орнату – әрбір ата-ананың маңызды міндеті. Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы ғана балаға қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.                            
Автор: №9 ОМ