Республика күніне арналған сынып сағаты

Дата: 2026-10-30 09:09:34

25 Қазан -Республика күніне орай 19.10.26 күні  «25 қазан — Республика күні. Қазақстан — біздің ортақ құндылығымыз», «Қазақстан – менің Отаным»  тақырыбында   сынып сағаты өтті.  Оқушылар еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдермен танысып, ғылым, мәдениет және саясат саласында еңбек еткен танымал тұлғалар туралы білді. Бұл күн – халқымыздың азаттығы мен мемлекеттілігінің берік іргесін қалаған тарихи сәтті еске салатын мереке. Егемен еліміздің еңсесі биік, бірлігі бекем болсын! Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында әрқайсымыздың еңбегіміз сәтті, істеріміз нәтижелі болғай!

Автор: №9 ОМ