«Мен армандайтын мамандық» тақырыбында эссе жазу
Дата: 2026-10-30 08:31:09
«Мен армандайтын мамандық» тақырыбында эссе жазу ақпарат
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында мектебіміздің 4 сынып оқушылары «Мен армандайтын мамандық» тақырыбында эссе жазды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, еңбекке құрметін қалыптастыру және болашаққа деген арманын шығармашылықпен жеткізуге баулу.
Оқушылар өз шығармаларында таңдаған мамандықтары, олардың қоғамға пайдасы және сол мамандықты меңгеру үшін қажетті қасиеттер туралы ой бөлісті. Дәрігер, мұғалім, полиция қызметкері болуды армандайтын балалар білім алудың, жауапкершілік пен табандылықтың маңызын атап өтті.
Мұндай шығармашылық жұмыстар оқушылардың өз қызығушылықтарын тануына, ойын жүйелі жеткізуіне және мамандықтар әлемімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
