Құтқарушы мамандығымен танысу
Дата: 2026-10-30 08:26:22
2026 жылғы 19 қазанда кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушылары «Жастар» саябағында Құтқарушылар күні кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған Балқаш гарнизонының ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдарының көрмесіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау органдарының қызметін таныстыру, құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыру және оқушылардың қауіпсіз өмір сүру мәдениетін қалыптастыру.
Көрме барысында оқушылар арнайы техникалармен, өрт сөндіру және авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен танысты. Құтқарушылар олардың қолданылу тәртібін түсіндіріп, өз қызметінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Кездесу оқушылардың қауіпсіздік туралы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруына, құтқарушы мамандығының маңызын түсінуіне және мамандықтар туралы танымын кеңейтуіне мүмкіндік берді.
