Президент Жолдауы: заң мен тәртіп, тұрақтылық және ортақ жауапкершілік
Дата: 2026-10-29 10:36:57
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына жолдауында, бүгінгі таңда еліміз үшін ең басты құндылықтар – ішкі тұрақтылық, қоғамдық келісім және темірдей тәртіп. «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамның әрбір саласында үстемдік құрғанда ғана мемлекет нығайып, экономика тұрақты дамитынына кәміл сенемін. Кеше ғана атап өткен Республика күні мен алдағы келе жатқан Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы – егемендігімізді көздің қарашығындай сақтау әрқайсымыздың қасиетті борышымыз екенін тағы бір мәрте еске салады.
Ұлттың сапасын арттыру үшін білім мен ғылымға негізделген орта қалыптастырып, жас ұрпақты заңды құрметтейтін саналы азамат етіп тәрбиелеу аса маңызды деп есептеймін. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін денсаулық сақтау жүйесін жан-жақты жандандырып, қалалар мен өңірлерді дамытуға әрбір азамат өз еңбегімен үлес қосып, белсенділік танытуы тиіс.Президенттің бүгінгі Жолдауын толық қолдаймын! Өте орынды әрі маңызды мәселелер көтерілді. Еліміздің болашағы үшін барлығымыз бірге атсалысуымыз керек.
«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Р. Сагимбекова
