«Сиқырлы кітаптардың ашық әлемі» оқу сауаттылығы апталығы
Дата: 2026-10-15 09:15:20
«Сиқырлы кітаптардың ашық әлемі» оқу сауаттылығы апталығы
«Інжу» шағын орталығында балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында оқу сауаттылығы апталығы аясында түрлі танымдық іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар барысында балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, халық ертегілерінің кейіпкерлерімен танысты, саусақ ойындарын ойнады, жұмбақтар шешіп, қызықты тапсырмалар орындады. Сонымен қатар кітаптың маңыздылығы, оның білім көзі екендігі туралы түсініктерін кеңейтті.
