Размер шрифта:
↑

«Мамандық әлеміне саяхат» экскурсиясы

Дата: 2026-10-09 14:07:10
«Мамандық әлеміне саяхат» экскурсиясы

1–2 сынып оқушыларына «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында мектеп асханасына, кітапханаға және медициналық кабинетке экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар асхана қызметкерлерінің жұмысы, кітапханашының міндеттері және медицина қызметкерінің оқушылар денсаулығын сақтаудағы рөлі туралы білді. Балалар мамандарға сұрақтар қойып, олардың күнделікті қолданатын құралдарымен танысты. Іс-шара оқушылардың түрлі мамандықтарға қызығушылығын арттырып, әр маманның еңбегін құрметтеуге баулуға бағытталды.

Автор: №9 ОМ