«Цифрлық ортадағы құқықтар мен жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаттары өтті
07.10.26 күні ЦИФРЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК тақырыбында сынып сағаттары өтті.Сынып сағаттарында қазіргі таңда цифрлық технологиялар – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Интернетті қауіпсіз әрі саналы пайдалану – әр адамның маңызды міндеті.
Цифрлық ортадағы негізгі құқықтарымыз:
жеке ақпараттың құпиялылығын сақтау;
өз пікірін еркін білдіру;
қауіпсіз цифрлық ортада болу;
өз деректерін қорғау.
Сонымен қатар әр қолданушының жауапкершілігі бар:
жеке деректерді бөтен адамдарға жарияламау;
күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сақ болу;
интернетте әдепті қарым-қатынас жасау;
жалған ақпарат таратпау;
басқа адамның ар-намысы мен құқықтарын құрметтеу;
кибербуллингке жол бермеу.
Есте сақтаңыз:
Интернеттегі әр әрекетіміздің салдары болуы мүмкін. Цифрлық сауаттылық – қауіпсіздіктің негізі!

