Аға буын — даналық, тәжірибе және үлгі: Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар
Дата: 2026-09-30 09:56:14
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мектебімізде 28.09.26 күні 1қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Аға буын — даналық, тәжірибе және үлгі» тақырыбында сынып сағаттары жиын өтті. 5ә сыныбының үгіт насихат тобы ақпарат берді. Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз.«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!
