1-11 сыныптарда жаңа оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді

Дата: 2026-09-18 08:01:49

Мектебімізде 7 - қыркүйек күні 1-11 сыныптарда жаңа оқу жылына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналармен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне байланысты маңызды мәселелерді талқылау. Ата-аналарды педагогикалық қолдау»  орталығының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың тақырыптары талқыланды. «Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік»Оқушылардың мектепте, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, бөгде адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болу, интернет қауіпсіздігі және оқушылардың бос уақытын бақылау жөнінде ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес ата-аналардың бала қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты міндеттері түсіндірілді. Мектеп формасы, мектеп ережісінің ережелері нақты айтылды. Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, жаңа оқу жылында оқушылардың сапалы білім алуы, жақсы тәрбие қалыптастыруы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында мектеп пен ата-ананың бірлесіп жұмыс атқаруы қажеттігі айтылды.

Автор: №9 ОМ