Құқықтық білім беру отырысы

Дата: 2026-05-28 23:58:29
2026 жылғы 18 мамыр күні 7-сынып оқушылары арасында құқықтық білім беру бағытында кездесу-отырыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесуді мектеп инспекторы Тохтиева Г.А. жүргізді. Отырыс барысында оқушыларға жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, буллингтің алдын алу, интернет қауіпсіздігі және әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Кездесу тәрбиелік мәні зор, пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Автор: №9 ОМ