«Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.

Дата: 2026-05-28 23:55:59
Мектебімізде 25.05.26 күні «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбындағы сынып сағаттары өтті.
Мақсаты
Білім алушылардың Конституция туралы білімдерін тереңдету, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң мен тәртіп қағидаттарын құрметтеуге тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін арттыру.
Міндеттері
- Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі мен маңызын түсіндіру;
- заң мен тәртіп құндылықтарын дәріптеу;
- құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
- «Адал азамат» қағидаттары негізінде әділетті қоғам құндылықтарын насихаттау;
- білім алушыларды заңды құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.
Автор: №9 ОМ