Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты

Дата: 2026-04-16 17:41:14

2026 жылдың 15 сәуірі күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері мектеп асханасында тексеріс жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сертификаттар қаралды. Сонымен қатар, мәзірге сәйкес тегін ыстық тамақ алатын оқушыларға ұсынылған тағамдардың бекітілген талаптарға сәйкестігі тексерілді. Мониторинг нәтижесінде асхана жұмысының санитарлық талаптар мен белгіленген нормаларға сай екендігі назарға алынды. Тамақтану сапасын тұрақты бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Автор: №9 ОМ