9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ

Дата: 2026-04-16 17:25:27

9-сынып оқушылары, ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Аталған іс-шараға Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің мамандары қатысып, оқу орны туралы толық ақпарат берді. Колледж мамандары білім беру бағыттары, мамандық түрлері, оқу шарттары, қабылдау талаптары мен мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы айтылып, әр мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Автор: №9 ОМ