Букетов атындағы университет мамандарымен кездесу
Дата: 2026-04-08 23:53:50
2026 жылдың 3 сәуір күні мектебіміздің 9–11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Букетов атындағы университет мамандарымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беріліп, оқу орнының мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылардан сауалнама алынып, олардың болашақ мамандық таңдауы бойынша көзқарастары анықталды. Мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
