«Мәшһүр Жүсіп оқуларының» қалалық кезеңі
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» қалалық кезеңінде оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті:
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бағыты бойынша Жұмағазы Адель I орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бағыты бойынша Қажымұрат Ясмин – II орын.
«Білімді зерек адам болам!» эссе жазу бағыты бойынша Аныкбаева Нұрсұлу – III орын. Жетекшілері: Козгуренова Гульжан Сабденбаевна, Баубеков Аманжол Сагинтаевич Оқушыларымыз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
