«Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Дата: 2026-04-06 10:55:57
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 30.03.26 күні «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, рухани байлықтың негізі білім мен кітап екенін ұғындыру болды. Шара барысында оқушылар кітаптың пайдасы туралы өз ойларымен бөлісіп, сүйікті кітаптары жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, қазақтың ұлы ақын-жазушыларының шығармалары туралы мәліметтер айтылып, олардың даналық сөздері оқылды. Оқушылар кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, көркем әдебиеттің адам тәрбиесіндегі рөлі талқыланды.
