Размер шрифта:

«Құқық бұзушылық және буллинг» бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2026-03-03 13:04:42

2026 жылдың 2 ақпаны күні мектеп инспекторы Г.Тохтиева 7 – 11 сынып оқушыларына «Құқық бұзушылық және буллинг» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты:  оқушылар арасында буллинг (қорлау, мазақтау, қысым көрсету) ұғымының мәнін ашу, оның түрлері мен зиянды әсерлері туралы түсінік беру, сондай-ақ, буллингтің алдын алу жолдарын үйрету арқылы қауіпсіз, достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыру. Білім алушылардың құқықтық білімін көтеру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттамалар беріп, заң білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айта келе, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп – салдары туралы айтып өтті.

Автор: №9 ОМ