Қалалық "Әдістемелік марафон" аясындағы ашық сабақтар
Дата: 2026-02-20 09:55:02
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі педагог-модератор Конакбаева Аним Кайратовна 7 «Б» сыныбына 13.02.2026 жылы алгебра пәні бойынша «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын Жасанды Интеллектпен ашып түсіндіріп айтты. Сабақ мақсаты оқушылар қысқаша көбейту формулаларын қолданып, алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіреді және өрнектерді көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады.
Ашық сабақ өз мақсатына толық жетті. Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолданып, алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру және көбейткіштерге жіктеу дағдыларын көрсетті. Теориялық білім практикамен ұштастырылып, тапсырмалар жүйелі әрі деңгейлік түрде ұсынылды. Жасанды интеллект элементтерін қолдану сабақтың мазмұнын жаңаша ашуға, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және цифрлық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын дәлелдеуге, есеп шығару барысында формулаларды дұрыс пайдалануға дағдыланды. Жалпы, сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәжірибе болды. Пән мұғалімі сабақтың мақсатына толық жетіп, сабақты қорытындылады.
