Қалалық "Әдістемелік марафон" аясындағы ашық сабақтар

Дата: 2026-02-20 09:52:52

2026 жылдың 11 ақпан  күні  қаламыздағы №9 жалпы  білім беретін  мектепте  қалалық «Әдістемелік марафон» атты ашық сабақтар топтамасы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Мұрат Хайратбек  5 Б сыныбында «Сыртқы және ішкісызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау» тақырыбында  ашық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің тәжірибе алмасуына және кәсіби дамуына қолдау көрсету болды. Ашық сабаққа қала мектептерінің ұстаздары қатысып, сабақ барысын бақылап, өз пікірлерін білдірді. Сабақта заманауи білім беру технологиялары мен тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, өз қабілеттерін жан-жақты көрсетті. Практикалық жұмыстар арқылы олардың қызығушылығы мен белсенділігі артты. Сабақ соңында қатысушылар кері байланыс жасап, тәжірибе алмасты. Мұндай шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Автор: №9 ОМ