Размер шрифта:

Қалалық "Әдістемелік марафон" аясындағы ашық сабақтар

Дата: 2026-02-20 09:48:17

Бүгін 2026 жылдың  ақпанның 13  күні  қалалық «Әдістемелік марафон -2026»  ашық сабақтар топтамасы аясында  №9 жалпы білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі Алтаева Г. Х.  8А сыныбында физика пәнінен «Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа қала мектептерінен жас мамандар қатысып, тәжірибе алмасты. Сабақ өте қызықты,  мәнді және мағыналы  болды. Сабақта түрлі платформалар қолданылды. «Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар»тақырыбы арқылы оқушылар электр энергиясының жылуға айналуын, оның тұрмыста және өндірісте қолданылуын түсінді. Сабақ барысында тәжірибелер жасау арқылы теорияны практикамен ұштастыруға мүмкіндік болды. Электр құралдарымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін тағы бір рет ұқтырды. Әсіресе, қысқа тұйықталу мен сақтандырғыштардың рөлін білу – болашақта өмірде қажет болатынын білді. Бұл сабақ оқушылардың  ой-өрісін кеңейтіп, физиканың күнделікті өмірмен тығыз байланысты екенін көрсетті.

Автор: №9 ОМ