«Толеранттылық, сыйластық, заң» атты тәрбие сағаттары
02.02.2026 күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Жасампаздық және жаңашылдық айы бастау алды. Осыған орай мектепте «Толеранттылық, сыйластық, заң» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларды өзара сыйластыққа, толеранттылыққа тәрбиелеу, заңға құрметпен қарау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілік пен адалдықты дәріптеу арқылы жас ұрпақты қоғамға пайдалы азамат болуға баулу.Сонымен қатар, осы күні «Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» атты қауіпсіздік сағаты өтті.Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру.Бұл тәрбие сағаттары оқушылардың құндылықтарға негізделген тұлғалық дамуына, қоғамдық жауапкершілігін арттыруға, және цифрлық әлемде қауіпсіз әрекет етуіне бағытталды.
