Размер шрифта:

«Балқаш қаласының Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» теологі Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлымен кездесу

Дата: 2026-01-27 15:09:48
Мектебімізде 27.01.2026 күні «Жат діни ағымдардың алдын алу,білім алудың маңызы» тақырыбында  «Балқаш қаласының Конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы»  теологі  Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлымен  кездесу өтті. 9-10-11 сынып  оқушыларымен жеке кездесіп ақпараттар берді. Оқушыларға  қоғамдағы теріс ағымдар және қандай жолдармен адамдардың қателесетіні жөнінде сөз қозғалды. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар.                                                          
    Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап оқушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. 
 
Автор: №9 ОМ