«Заң және тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша өткізілген дәрістің ақпараты
Дата: 2026-01-13 00:49:05
2026 жылдың 9 қаңтары күні мектеп инспекторы Г.Тохтиева 7 – 11 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп», «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: білім алушылардың құқықтық білімін көтеру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді орындап, құрметтей білуге тәрбиелеу, құқық бұзушылықтарға қысқаша сипаттамалар беріп, заң білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтындығы туралы айта келе, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың себеп – салдары туралы айтып өтті.
