«Жаңа жыл» ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Дата: 2026-01-13 00:28:48
Жаңа жыл – балалар үшін ең ғажайып, ең күткен мерекелердің бірі. Осыған орай шағын орталығымызда 26.12.2025 күні тәрбиеленушілерге арналған «Жаңа жыл» ертеңгілігі ұйымдастырылды.
Ертеңгілік барысында балалар:
* Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды.
* Кейіпкерлермен ән айтып, би биледі.
* Тақпақтар айтып, ойындарға қатысты.
* Мерекелік көңіл-күй мен сыйлықтарға бөленеді.
Мерекенің басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
