«Педагогикалық идеялар фестивалі»: педагог-сарапшы Тажикеева Мейрамкул Несипбаевнаның облыстық кезеңдегі табысты қатысуы
Дата: 2025-12-17 16:01:35
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының басшылығымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі 15.12.2025 жылы болып өтті.Осы байқауға Балқаш қаласы «№ 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі педагог- сарапшы Тажикеева Мейрамкул Несипбаевна "Бастауыш сыныпта оқыту процесінде Эдьютейнмент (Edutainment) әдісі арқылы ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту" тақырыбындағы өзінің педагогикалық идеясын ұсынып,қорғады.Мейрамкул Несипбаевна идеяның мақсаты,өзектілігіне тоқталып,өз іс тәжірибесінде қолдану барысындағы тиімділігін түсіндіріп көрсете білді.
