2 «В» сыныбында Баянды Жанар Оралбайқызы жүргізген ашық сабақ: «Қандай көлік түрлері бар?»

Дата: 2025-12-17 15:53:14
Балқаш қаласы"№9 ЖББ мектебі" КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі Баянды Жанар Оралбайқызы 2В сыныбында дүниетану пәні бойынша “Қандай көлік түрлері бар?”тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты оқушыларға көлік түрлерін таныстыру, олардың адамдардың өміріндегі маңызын түсіндіру. Су, әуе, жер және жер асты көліктерін ажырата білуге үйрету.
Оқушылар көлік түрлерін суреттер арқылы танып, топтық және жұптық жұмыстар орындады.
«Көлікті тап», «Көлік қайда жүреді?» ойындары арқылы қызығушылықтары артты.
Видеоролик көрсетіліп, көліктердің адам өміріндегі пайдасы мен қоршаған ортаға әсері туралы әңгіме жүргізілді.
Оқушылар көліктерді топтастырып, әр көлік түрінің қызметін түсінді.
Сабақ белсенді, қызықты және танымдық сипатта өтті.
 
Автор: №9 ОМ