11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды мемлекеттік университетінен (КарМУ) маман келіп, ақпараттық кездесу өткізді.
Дата: 2025-12-17 13:47:06
2025 жылдың 12 желтоқсан күні мектебіміздің 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды мемлекеттік университетінен (КарМУ) маман келіп, ақпараттық кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға университеттегі мамандықтар, оқу бағдарламалары, қабылдау шарттары және болашақ кәсіби мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауап алды.
