«Заңды білу –заман талабы» тақырыбында үгіт-насихат жүргізді.
Дата: 2025-12-17 12:53:44
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерлету жобаларын іске асыру шеңберінде құқықтық сананы арттыруға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға мектебімізде 2025 жылдың 12 желтоқсаны күні 8 “А” сыныбы «Заңды білу –заман талабы» тақырыбында үгіт-насихат жүргізді. Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
