Размер шрифта:

1-11 сыныптың ата –аналарына жиналыс өтті

Дата: 2025-11-25 17:45:31

     «Адал азамат» бағдарламасын іске асырудағы отбасының рөлі: саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру тақырыбында  «№9 жалпы білім беретін мектебінде»   20.11.25 ж. күні 1-11 сыныптың ата –аналарына  жиналыс өтті. Барлық қатысқан ата – аналар саны 87.

   Мақсаты: Отбасы тәрбиесінің бала тұлғасын қалыптастырудағы маңызын айқындау,  ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру

Күн тәртібірде:

   1. «Адал азамат» бағдарламасын іске асырудағы отбасының рөлі: саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру

2.«Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік», «Отбасылық зорлық зомбылықтың алдын алу»

3.«Мұздағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» 

4.«Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты, ерекшеліктері»

5.І тоқсанның қорытындысы  

6. Әр түрлі мәселелер

Қатысқан қонақтар:                                                                                                                            

Жиналыста мектеп директоры Р.Б.Ерубаева «Даналық» мектебі,  «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектебінің   мүшелері, Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Туганбаева А.Б,Балқаш қаласы құтқару бөлімінің медбикесі Б.С. Абжанова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Адрейсова қатысты.

Қорытынды:

    Мектеп директоры Р.Ерубаева «Адал азамат» бағдарламасын іске асырудағы отбасының рөлі: саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен  таныстырып, жетістіктері жайлы тоқталып, І тоқсанның қорытындысы айтылды. «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында  ата – аналарға нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.«Мұздағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» ережелері жайында  ақпараттар беріп, жадынамалар таратылды.

Автор: №9 ОМ