«Медицина әлемі» тақырыбында эссе жазды
Дата: 2025-11-19 19:49:55
2025 жылғы 10 қараша күні 9-сынып оқушылары «Медицина әлемі» тақырыбында эссе жазды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың қадірін түсінуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болды.
Эссе жазу барысында оқушылар медицина ғылымының адам өміріндегі маңызы, дәрігер мамандығының қадірі және денсаулықты сақтаудың жолдары туралы өз ойларын білдірді.
