Размер шрифта:

«Медицина тарихы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді

Дата: 2025-11-19 19:47:38
Бүгін білім алушылар үшін «Медицина тарихы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыру, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және алғашқы көмек көрсетуге қатысты түсініктерін кеңейту.
Дәріс барысында оқушылар медицина ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері, әйгілі ғалымдардың еңбектері және қазіргі медицинаның бағыттары туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, қатысушыларға күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қолданылатын алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері түсіндірілді.
Іс-шара оқушылардың денсаулық мәдениетіне деген жауапкершілігін арттырып, медицина саласы жөніндегі білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.
 
Автор: №9 ОМ