Размер шрифта:

Заң және Тәртіп» құндылығы негізінде

Дата: 2025-11-19 19:43:21
«Адал азамат» біртұтас тәрбие  бағдарламасына сәйкес қараша  айы «Әділдік және жауапкершілік» айы деп аталады. 17.11.25 күні «Заң және Тәртіп» құндылығы негізінде 1-11 сыныптарда  «Мен не дұрыс, не бұрыс екенін білемін!», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды таны, қорғануды үйрен!», «Жеке шекара және зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» ДОСБОЛLIKE!  тақырыбында сынып сағаттары өтті.  5ә сыныбының Үгіт насихат тобы  жиында ақпарат берді. 
  Мақсаты:Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,достар арасындағы қарым- қатынасты нығайту өзімшілдік, менмендік тағы басқа жаман әдеттерден аулақ болуға уйрету, адалдыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
  Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.   
 
    
Автор: №9 ОМ