«Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы» тақырыбында өткізілген сынып сағаты
Дата: 2025-11-10 22:05:22
11.11.25 күні мектебімізде «Дұрыс тамақтану-үздік білім алудың жолы» тақырыбында жиын сынып сағаттары өтті. Оқушының тамақтану тәртіптемесі оның күн тәртібіне тікелей байланысты. Балалар уақытының көп бөлігін мектепте өткізеді. Дұрыс тамақтану олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. «Ас – адамның арқауы» ендеше, дұрыс тамақтану дені сау әрі әдемі болуға көмектеседі.
