Размер шрифта:

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының іс-шара жоспарына сәйкес мектебімізде 2 Б сынып ата-аналармен жиналыс өтті.

Дата: 2025-10-29 17:07:27

29.10.25 күні мектебімізде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының іс-шара жоспарына сәйкес мектебімізде 2 Б сынып ата-аналармен жиналыс өтті.
Мақсаты: ата-аналар мен балаларға дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажырату, күнделікті өмірде адамгершілік пен жауапкершілік ұстанымдарын нығайту.

Ата-аналар мен балалар бірге әртүрлі өмірлік жағдаяттарды талқылады.
Пікір алмасу мен сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды; «Дұрыс па, бұрыс па?» ойынын ойнап, құндылықтар туралы пікірталас жүргізді. Қатысушылар бұл кездесуді жылы қабылдап, баланың бойында жақсылық пен әділдікке ұмтылу қасиетін қалыптастырудың маңызын атап өтті.Осындай бірлескен шаралар ата-ана мен баланың арасындағы түсіністік пен сенімді арттыра түсетіні қуантады.

Автор: №9 ОМ