Балқаш қаласындағы ПЧ-4 өрт сөндіру бөлімі мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні
Дата: 2025-10-21 15:27:15
2025 жылғы 15 қазанда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес Балқаш қаласындағы ПЧ-4 өрт сөндіру бөлімі мектеп оқушыларына арналған ашық есік күнін ұйымдастырды. Шара барысында аға өрт сөндіруші Ажибеков Айбат балаларға өрт сөндіру техникасы мен өрт-техникалық жарақтар көрсетіліп, қызметкерлер өздерінің күнделікті жұмыстары туралы әңгімелеп берді. Оқушылар өрттің шығу себептері және қауіпсіздік ережелерімен танысып, жауынгерлік киімдер мен арнайы формаларды киіп көру мүмкіндігіне ие болды. Мұндай іс-шаралар балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін арттырып, өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылығын оятады.
