Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссияның тексеріс ақпараты
Дата: 2025-10-08 12:19:04
2025 жылдың 8 қазан күні мектеп директоры Р.Б.Ерубаева, ата –аналар комитетіның мүшесі А.Е.Махамбетчина және тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеріс жүргізді. Асхананы тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық шектеу шаралары бұзылмағаны анықталды. Ас дайындау бөлмесіндегі ыдыс-аяқтар таңбаланған және жеке арнайы шкафта сақталған. Барлық асхананың бөлмелері құрғақ және санитарлық талаптарға сай. Азық –түлікті сақтау температурасының нормасы сақталынған.
