1 сынып оқушыларына экскурсия
Дата: 2025-09-29 16:52:40
Кәсіби бағдар беру іс-шаралары жоспарына сәйкес, 1 сынып оқушылары мектептің асханасына, кітапханасына және медпунктке экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты – оқушыларды мектептегі әртүрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызметі мен маңызын түсіндіру болды.
Экскурсия барысында әр мекеме өз мамандарының еңбегімен таныстырып, олардың жұмысы жайлы мағлұмат берді. Мектеп асханасында балалар аспаздар мен асхана қызметкерлерінің тағам дайындау және санитарлық талаптарды сақтау жұмыстарымен танысты. Кітапханада кітапханашы балаларға кітаптарды қалай іздеу және пайдалану жайлы түсіндірді. Медпунктте медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсету және денсаулықты сақтау бойынша өз жұмыстарын көрсетті.
Бұл экскурсия арқылы оқушылар мектептегі әрбір мамандықтың маңызын ұқып, олардың бірлесіп мектеп өмірін қамтамасыз ететінін түсінді. Әр мекеменің өз қызметі бар екендігі және ол оқушылардың денсаулығы мен білім алуына үлкен әсер ететіні айқындалды.
