«Өсірген ой білімді, сүйемін ана тілімді» атты мәнерлеп оқу байқауы
Дата: 2025-09-16 15:13:11
11.09 күні №9 ЖББ мектебінде «Тілдер» апталығы аясында « Өсірген ой білімді, сүйемін ана тілімді» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар Ұлы Абайдың 180 жылдығы, Қ. Мырза Әлінің 90 жылдығы, Ж. Нәжімеденовтың 90 жылдығы және Т. Молдағалиевтың 90 жылдық атаулы күндеріне орай оқушылар ұлы тұлғаларымыздың өлеңдерін мәнеріне келтіре орындады. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа ана тілімізді көркем сөйлеуге үйрете отырып, сөз құдіретінің мәйегін бойларына сіңіріп, құрметтеуге шақыру, ақын - жазушылардың шығармаларынан өнеге алып, рухани мұрасын насихаттау.
