«Тарих-тамыр, тіл-ғұмыр» — Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған танымдық кездесу
Мектебімізде 12.09.2025ж. күні «Тілдер апталығы» қарсаңында, 8-сыныптар арасында «Тарих-тамыр,тіл-ғұмыр» тақырыбында қазақтың біртуар ғалымы, ағартушы, саяхатшы, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі Токбулатова ГульназТемирхановна. Аталған іс-шараның мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми қызметінің маңызды кезеңдерін көрсету арқылы оның Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан елеулі үлесін кеңінен насихаттау.Кездесу барысында викториналық сұрақтар,ой толғау, видеороликтер, бейне ойындар көрсетілді.Оқушылар өз ойларымен,жеке пікірлерімен белсенді түрде қатыса отырып,көкейінде жүрген сұрақтарымен де бөлісті.
