Размер шрифта:

«Отбасы - ұлттың тірегі» тақырыбында 5-11 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы

Дата: 2025-09-10 11:10:45

    Мектебімізде 9.09.25 күні«Отбасы - ұлттың тірегі» тақырыбында 5-11 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы өтті.Қатысқан ата-аналар саны 82.

 Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.

  Қатысқан қонақтар:

  Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова  әлеуметтік педагог  Ж.Төлеген, мектеп психологі Т.Дулатова, К.калибекова,  «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің   мүшелері қатысты.                                                                                                      

 Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарына тоқталды.Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалар арасындағы буллинг әлеуметтік мәселе болып отыр. Ата-аналарбаланың мінез-құлқындағы өзгерістерге, мектепке барудан бас тартуына, тұйықталуына және үрейлі күйге түсуіне ерекше назар аударуы тиіс.Осы мәселенің алдын алу мақсатында мектебімізде «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы іске қосылып отырғанын айтып өтті.

Автор: №9 ОМ