«Отбасы - ұлттың тірегі» тақырыбында 5-11 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы
Мектебімізде 9.09.25 күні«Отбасы - ұлттың тірегі» тақырыбында 5-11 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы өтті.Қатысқан ата-аналар саны 82.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Қатысқан қонақтар:
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова әлеуметтік педагог Ж.Төлеген, мектеп психологі Т.Дулатова, К.калибекова, «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстарына тоқталды.Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында балалар арасындағы буллинг әлеуметтік мәселе болып отыр. Ата-аналарбаланың мінез-құлқындағы өзгерістерге, мектепке барудан бас тартуына, тұйықталуына және үрейлі күйге түсуіне ерекше назар аударуы тиіс.Осы мәселенің алдын алу мақсатында мектебімізде «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы іске қосылып отырғанын айтып өтті.
