Размер шрифта:

«Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Еңбек қорлық және кәсіби біліктілік айы» 1-11 сыныптарда жиын өтті.

Дата: 2025-09-08 15:30:53

  Мектебімізде 2025 жылдың 8 қыркүйегі күні «Адал азамат  біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында «Еңбек қорлық және кәсіби біліктілік айы»  1-11 сыныптарда жиын өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.«Менің отбасым және үйім - менің өмірімнің басты құндылықтарының бірі» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім адамның өз жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.

Автор: №9 ОМ