«Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында 1,10 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы
Дата: 2025-09-08 11:14:54
Мектебімізде 08.09.25 күні «Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп» тақырыбында 1,10 сыныптың ата-аналар комитетінің жиналысы өтті.Қатысқан ата-аналар саны 48.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында ата-ана мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту.
Жаңа 2025–2026 оқу жылында мектебіміздің тәрбие
жұмысы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүргізіледі. Бұл бағдарлама оқушының адамгершілік
құндылықтарын нығайтып, саналы әрі жауапты азамат ретінде өсіп-жетілуіне жол ашады.
Бүгінгі отырысымыз ортақ мақсатымыз – бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен бірге жасалатын жұмысты ұйымдастыруға арналатыны айтып өтті. Осы орайда ата-аналардың бірлесе әрекет етуі маңызды екеніне тоқталды 
