«Менің отаным - Қазақстан» сынып сағат ақпараты
Дата: 2025-09-02 16:55:10
2- қыркүйек Білім күнінің алғашқы сабағы 2-11 сыныптарда «Менің отаным - Қазақстан» тақырыбымен тәрбие сағаттары өтті.
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сынып сағатында оқушыларға қауіпсіздік сабақтары (10 минут) ақпараттар беріліп, аптаның дәйексөзі айтылды. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы талқыланды. Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. Ата заңымыздың 30 жылдығына ақпараттар берілді.
Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқыланып, және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. 
