«Мектепке жол» республикалық акциясы
Дата: 2025-08-26 10:08:12
Мектебімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Акция аясында әр бір өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасының балалары көмек ала алады. «Бауырдақ» мейрамханасы мен «Казахмыс» корпорациясының қызметкері Қуаныш Тлеубеков Ерланұлы бір отбасының екі оқушысына сөмке мен қажетті құрал-жабдықтар беріліп, демеуші болды. Көмекті қажет ететін балалардың ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болған азаматтарға алғысымыз шексіз.
Жақсылық жасауға асығайық!
#мектепкежол2025
#дорогавшколу2025