«Мектепке жол» республикалық акциясы
Дата: 2025-08-22 14:18:21
Мектебімізде «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасын табуда. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Бауырдақ» мейрамханасының ұжымы 300 000 теңге көлемінде сегіз оқушыларға сөмке мен қажетті құрал-жабдықтар беріп, демеуші болды. Сұраныс бойынша екі оқушыға жақсы тілектер айтылып, сыйлықтары берілді.
#мектепкежол2025
#дорогавшколу2025