Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2025-01-14 14:29:43
Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген дәрістің ақпараты
2025 жылдың 14 қаңтары күні Балқаш қаласы кинологиялық қызмет тобы А.С.Бакзин 8-11 сынып оқушылармен нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткі және оның зияны» тақырыбында дәріс өткізді. Қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін және бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі екенін айтты. Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Ағзадағы есірткі заттарды анықтау мүмкін емес, олар ми мен психикаға теріс әсер етіп, адам бойында рухани деградация тудырады, сөйтіп дененің толық физикалық шаршауына алып келеді. Есірткінің зақымдануы қайтымсыз. Есірткі, ең алдымен, жүйке жүйесі мен миға әсер етеді. Есірткі заттарының әсерінен адамның интеллектуалдық қабілеті төмендейді. Бүгінде қоғам есірткі заттарының таралуымен және олардың заңсыз айналымымен белсенді күресуде, сондай-ақ нашақорлықпен байланысты қылмыстарды алдын алу жолдары қарастырылуда. «Мен нашақорлыққа қарсымын!» ұранын насихаттауды тоқтатпайық! Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi
Автор: №9 ОМ