Размер шрифта:

Ақпарат

Дата: 2024-09-26 11:13:30
Ақпарат
«Барлығына қолжетімді сапалы білім» шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында  Балқаш  қаласы білім басқармасына қарасты  Абай атындағы  №2 лицей әкімшілігі мен шығармашылық топ  2024  жылғы 24 қыркүйекте  серіктес  №9, 8  мектептерге «Ұлттық құндылықтарға бағытталған білім мен тәрбие беру-сапалы білім негізі.» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Семинар  білім сапасын арттыру құралы ретінде заманауи технологияларды қолдану қажеттілігі мен мүмкіндігін түсіну мақсатында ұйымдастырылды. Мақсаты: Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру,ақпараттық  және ғылыми әдістемелік көмек көрсету, бекітілген білім беру ұйымдарын қолдау
    Күтілетін нәтиже:Қолдау көрсететін  мектептерде құндылыққа негізделген  білім беру бағдарлама идеясы тәжірибесін тарату арқылы білім сапасының көтерілуіне ықпал етілуі. 
     Педагогтардың  шығармашылық жұмыспен айналысуының   нәтижелі болуы.
 Құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған тәжірибені    тарату   бойынша   әлеуметтік   серіктес   мектептердің педагогикалық   әлеуетін білім беру барысына тарту мақсатында қолдану үшін уәждемелік және шығармашылық дайындықтан өтуі
Автор: №9 ОМ