Размер шрифта:

Оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты

Дата: 2024-09-23 16:25:20
Оқушыларға  құқықтық білім беру отырысының ақпараты
2024 жылдың 23 қыркүйегі күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша: 1 сыныптар –«Менің отбасым –Отанымыздың бөлшегі»; 2 сыныптар –«Отбасылық дәстүрлер»; 3 сыныптар –«Отанымыздың астанасы»; 4 сыныптар –«Мемлекет тарихынан және қазақ халқының құқықтарынан»; 5 сыныптар –«Біздің өміріміздің басты заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы»; 6 сыныптар –«Отбасындағы балалардың құқықтары мен міндеттері. Отбасылық дәстүрлерді сақтау»; 7 сыныптар –«Қазақстандық патриотизм және азаматтық. Бала құқықтары туралы Конвенция. Мен не білуім керек?»; 8 сыныптар –«Жанжалсыз ортақ тілді қалай табуға болады?»; 9 сыныптар –«Заңсыздық. Құқық бұзушылық. Қылмыс»; 10 сыныптар –«ҚР Конституциясы 20-бап өз пікірін білдіру құқығы. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР кодексі 62-бап» ; 11 сыныптар –«Сайлау және сайлану құқығы. ҚР Конституциясы 33-бап. Дауыс беру - бұл құқық па, әлде міндет пе? Неге сайлауға қатысу керек?» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында отбасы заңдылықтары, патриотизм, заң дегеніміз не, құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкімшілік жаза туралы айтылды. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз. Заңның түрлері көп екенін білесіздер, бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз екені айтылды. Біртұтас_тәрбие #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg # #@umckrg #
Автор: №9 ОМ